Версия для слабовидящих

  • Вы здесь:  
  • Главная
  • Материалы на конкурс

Қызылорда облысының білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 0,5 штаттық бірлікпен «Тәрбиеші» бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты жариялайды!!!

     Орналасқан орны (мекен-жайы): Қызылорда облысы, индекс 120023, Қызылорда қаласы, Мешітбай Қаржаубаев көшесі, № 42 ғим. «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.

     Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы             № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

     0,5 штаттық бірлікпен «Тәрбиеші» бос лауазымына орналасуға арналған  конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім немесе «Педагогика» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      - және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      - және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

           Лауазымдық міндеттері:

әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;

           әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді;

       тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;

           оларға оқуда, бос уақытты ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;

           сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;

           тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін          іс-шараларды өткізеді, балалардың ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;

           белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді;

           тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

           Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай (экологиялық коэффициентті қоспағанда) 62 293 теңге.         

            Қызылорда облысының білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің тәрбиеші лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар «Педагог лауазымдарының  үлгілік біліктілік  сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым министрінің  2009  жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес айқындалады.

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік хабарлама жарияланған күннен бастап  жеті жұмыс күні ішінде  бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды  жүзеге асырады.

           Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 

           1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы                        30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

12) Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

13) Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған соңғы күнен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі (2025 жылғы 6 қазан  сағат 16.00-ге дейін).

            Конкурс Қызылорда облысы, индекс 120023, Қызылорда қаласы, Мешітбай Қаржаубаев көшесі, № 42 ғим. «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес конкурс өткізу тәртібі талаптары бойынша өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://ktbo-kzo.asia/ сайытынан алуға болады.                          Тел.8(7242) 29-34-06, 8–771-277-02-23, ktbo13@mail.ru