Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, М. Қаржаубаев көшесі №42
Телефон: 8(7242)221872
E-mail: Ktbo13@mail.ru
Мекеменің мақсаты
Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік және психологиялық қолдау мен көмек көрсету.
Пайдалануға берілген уақыты: 1957 жыл
Салынған уақыты: 1956 жыл
Жобалық қуаты: 40 жатын орынға есептелген
Ғимараттың жалпы алаңы: 682,5 ш. м
Пайдалы алаңы: 375,5 ш. м
Мекеменің ашылған жылы: 2011 жыл
Меншік түрі: Мемлекеттік
Жатын бөлмелер саны:
Ұлдар жатын бөлмесі
Қыздар жатын бөлмесі
3–5 жас аралығындағы балалар бөлмесі
Қысқаша мәлімет
Мекеме екі қабатты, жалпы алаңы – 682,5 ш. м. Жоба бойынша – 40 орынға арналған. Орталықта асхана, ойын бөлмесі, 4 жатын бөлме, жуынатын бөлмелер, кітапхана және қызметтік бөлмелер бар.
Орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді 3 ай мерзімге қабылдайды. Қабылданған уақыттан бастап 3 ай ішінде қажетті құжаттар жинақталып, жасөспірімдер тиісті мекемелерге орналастырылады.
Штаттық бірлік – 36 қызметкер:
Директор – 1
Директордың орынбасары – 1
Әлеуметтік педагог – 2
Педагог-психолог – 1
Тәрбиешілер – 6
Медбикелер – 3
Заңгер – 1
Өзге қызметкерлер – 21
Барлық педагог қызметкерлер «педагог-модератор» санатына ие, тәжірибелі мамандар.
Кітапхана қоры: барлығы 864 кітап (көркем әдебиет – 754, оқулықтар – 70, танымдық кітаптар – 40).
Компьютер кабинеті: 10 компьютер орнатылған, интернет желісіне қосылған.
Жасөспірімдер Нағима Ахмадеева атындағы №112 орта мектебі базасында келісімшарт негізінде білім алады.
Жылу жүйесі – орталықтандырылған.
Қаржыландыру:
2023 жыл – 122 881,0 мың теңге
2024 жыл – 137 136,0 мың теңге
Жергілікті бюджет есебінен: азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар, еңбекақы төлеу, коммуналдық қызметтер, жанар-жағар май, байланыс, интернет, телефон және басқа да шығындар қамтылады.
Негізгі көрсеткіштер
2023 жыл
Барлығы қабылданғаны – 294 жасөспірім.
Оның ішінде:
ата-анасының қарауынсыз жүрген – 214;
арнаулы білім беру ұйымына – 2;
өмірдің қиын жағдайына түскен – 35;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 43.
Орналастырылуы:
отбасы үлгісіндегі балалар ауылына – 12;
Жамбыл облыстық білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» – 1;
қамқоршылық тәрбиесіне – 12;
арнаулы білім беру ұйымына – 2;
ата-анасына қайтарылғаны – 267.
2024 жыл (5 ай ішінде)
Барлығы қабылданғаны – 129 жасөспірім.
Оның ішінде:
ата-анасының қарауынсыз жүрген – 102;
арнаулы білім беру ұйымына – 1;
өмірдің қиын жағдайына түскен – 16;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 10.
Орналастырылуы:
Алматы қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» – 1;
қамқоршылық тәрбиесіне – 2;
ата-анасына қайтарылғаны – 123.
Қазіргі уақытта орталықта – 3 бала тәрбиеленуде:
1 жасөспірім – арнаулы білім беру ұйымына сот шешімінің заңды күшіне енуін күтуде;
2 жасөспірім – өмірдің қиын жағдайына түскен.